Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 21 Қараша 2023

Қазақстан футболшылары елге оралды

футбол
Фото: из открытых источников

Қазақстан Ұлттық құрамасы Словениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты

Ұлттық құрама елге оралды. Футболшыларды әуежайдан жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Люблянадан келген футболшылардың көңіл күйі болмады. Дегенмен, ұлттық құраманың ойыншылары кеткен есені қайтаратын мүмкіндік барын айтты. Грекия командасымен өтетін аладоп бәсекесінде намысты қолдан бермейміз деді. Ендігі үміт - келер жылы ұйымдастырылатын Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі матчта.

Футбол
Фото: из открытых источников

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, ойыншыларға алғыс білдірді:

«Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше әсер, эмоция сыйладыңыздар. Өз ойындарыңыз арқылы жанкүйерлердің отандық футболға деген сенімін қайтарып, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтердіңіздер. Кеше түнде бүкіл ел ұйықтамай, сіздер үшін теледидар алдында тақым қысып, жанкүйер болды. Сіздер бұл додада үлкен ерлік жасап, қазақ халқын бір мақсат аясына ұйыстыра алдыңыздар. Бұл ерліктеріңіз көпке үлгі, мыңдаған жас бала сіздер сияқты болуды, болашақта ұлттық құрама сапында ойнауды армандайды. Қазақ халқына үлкен қуаныш сыйлағандарыңызға көп рахмет, жігіттер!» - деді министр.

Айта кетейік, Еуро-2024-тің H тобында бақ сынаған Қазақстан Ұлттық құрамасы іріктеу кезеңнің қорытынды ойынында Словениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты.