Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:01, 17 Сәуір 2024

Қазақстан мен Ресей көмір ЖЭО салу туралы келісімге қол қойды

f
Фото:

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар "ИНТЕР РАО – Экспорт" ЖШҚ және "Самұрық-Энерго"АҚ атынан уәкілетті ұйымдарды анықтады.

"Үш облыс орталығында – Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді", - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстан тарапынан Уәкілетті ұйым "Самұрық-Энерго" АҚ атынан ағымдағы жылдың өзінде-ақ ЖЭО шоты бойынша бірінші іске асыруды бастау үшін тиісті жол картасын қалыптастырды.

 

Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Тегтер: