Қазақстан тамызда Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жеткізді
«ҚазТрансОйл» компаниясы Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға мұнай транзитін алғаш рет жүзеге асырды.
Алғашқы мұнай партиясы 15 тамызда жөнелтілген. Жалпы тамыз айында Қазақстан арқылы Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жеткізілді.
Мұнай алдымен магистральдық құбырлар арқылы «Шағыр» мұнай құю пунктіне тасымалданған. Сол жерде мұнай теміржол цистерналарына тиеліп, кейін Қырғызстанға жөнелтілген.