16:49, 09 Шілде 2024
Қазақстанда 23 сәуір – Ұлттық кітап күні деп белгіленді
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды.
Үкімет Қаулысымен «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» деп бекітілді.
Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді, делінген хабарламада.
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.