Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:19, 04 Желтоқсан 2023

Қазақстанда ашық қалған кәріз құдығы үшін әкімдерді жазалау ұсынылды

мам
Фото: из открытых источников

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ашық люктер үшін бұдан былай шенеуніктерді жауапқа тартуды ұсынды

Оның айтуынша, екі апта ішінде Қызылорда және Түркістан облыстарында кәріз құдығына түсіп қаза болған екі баланың өлімі тіркелді. Екі жағдайда да люктер әкімдіктерге тиесілі болған.

«Инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген және балалардың өліміне әкеп соқтырған абайсыздыққа жол берген кінәлі лауазымды тұлғаларды тексеріп, жауапкершілікке тарту қажет деп санаймын. Сонымен қатар аталған мәселелерге жауапты жергілікті атқарушы органдардың басшыларын да, аудан әкімдері жауапқа тарту қажет деген ойдамын.

Тамызда біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, атап айтқанда, ашық люктерге қатысты мәселе көтерген едік, вице-премьер тиісті тапсырмалар берді, волонтерлермен бірге барлық өңірде рейдтер ұйымдастырылды @jastar_ruhy», - деп атап өтті Зәкиева.

Еске салайық, кеше Түркістан мен Қызылорда облыстарында жоғалып кеткен төрт жасар балалардың септикке құлап қайтыс болғаны анықталды