Әлеумет

Елімізде білім грантына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім гранты конкурсына қатысу үшін талапкерлерден өтінім қабылдау басталды.

Гранттар

Құжаттар 13–20 шілде аралығында қабылданады. Талапкерлер өтінімдерін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, виртуалды қабылдау комиссиялары немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыра алады.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлерден жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3×4 көлеміндегі фотосурет, мектеп аттестаты немесе колледж дипломы талап етіледі. Ал жеңілдетілген санатқа жататын азаматтар өз мәртебесін растайтын құжаттарды қоса ұсынуы қажет.

Білім гранттарын тағайындау конкурсы талапкерлердің ҰБТ нәтижелері мен таңдалған білім беру бағдарламалары негізінде өткізіледі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз