Live

Қазақстанда блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жарияланды

Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстан азаматы, «Маха.dxb» лақап атымен танымал блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады.

Р

«Өзбекстан Республикасының азаматы, 2000 жылғы 19 ақпанда туған Махмуд Умидұлы Хикматовқа халықаралық іздеу жарияланды», – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот Хикматовқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Ол «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалады деген күдікке ілінген.

ҚМА мәліметінше, Қазақстан аумағында заңсыз интернет-казинолардың интерфейсін ұсыну, эквайринг, мобильді коммерция және криптовалюта арқылы ақша қабылдау және төлем жасау, сондай-ақ азаматтарды құмар ойындарға тарту мақсатында жарнама орналастырудың тұрақты схемасы жұмыс істеген.

Тергеу нұсқасы бойынша, интернет-казиноларды насихаттау үшін ұйымдастырушылар Хикматовты тартқан. Оған Қазақстан аумағында жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, олардың көмегімен жарнамалық контент орналастыру міндеті жүктелген.

Осы мақсатта Хикматов блогерлерден әлеуметтік желілерінің статистикалық мәліметтерін, соның ішінде аудиториясының демографиялық және географиялық көрсеткіштерін, жазылушылар саны мен контенттің қамту ауқымын сұратқан. Осы деректер негізінде жарнама қызметінің құны белгіленген.

ҚМА дерегінше, Хикматов жалпы саны 35-тен астам блогерді осы іске тартқан. Олардың арасында блогер Қайсар Қамза да бар.

Ведомство нұсқасы бойынша, аудиториясы ауқымды Қайсар Қамза интернет-казиноларға апаратын рефералдық сілтемелерді жариялап, әрбір пайдаланушының өтуі үшін сыйақы алып отырған. Осылайша ол Қазақстан азаматтарын тыйым салынған құмар ойындарға әдейі тартты деген күдікке ілінген.

Еске салайық, Қайсар Қамза 6 тамызда Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды.

Тегтер: Қайсар Қамза
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз