Қазақстанда шағын несие шартын жасасу тәртібі өзгертілді
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы 29 қаңтардағы қаулысымен микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібіне, сондай-ақ шарттың мазмұнына, ресімделуіне және оның бірінші бетіне қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
2024 жылғы 7 сәуірден бастап микроқаржы ұйымы азаматпен микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін оған жылдық пайызбен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері немесе сыйақының мәні туралы хабарлайды. Сондай-ақ (2024 жылы 50 АЕК-ке дейінгі немесе 184 600 теңгеге дейінгі мөлшерде 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге шарт жасасқан жағдайда), жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (микрокредиттің нақты құны) мөлшерінде, микрокредит бойынша артық төлем сомасында жүзеге асырады, Заңның 7-бабы 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады, микроқаржы ұйымы жүзеге асырған іс-шаралардың тізбесін міндетті түрде тіркей отырып, осы Шарт бойынша қарыз алушының кредиттік досьесіне қоса тіркеледі.
Қарыз алушыға микрокредит беру туралы шартта белгіленген кезеңділікпен уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген осындай микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеу үшін жеке тұлғаларға микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелеріне және уақытша базаларға сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің жобалары, өтеудің мынадай әдістері міндетті түрде ұсынылуға тиіс:
- микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығына кезең ішінде есептелген сыйақыны қамтитын азайтылатын төлемдермен жүзеге асырылатын сараланған төлемдер әдісімен;
- микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша ұлғаятын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығына кезең ішінде есептелген сыйақы бойынша азаятын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылатын аннуитеттік төлемдер әдісімен жүзеге асырылады.
- Бірінші және соңғы төлемдердің мөлшері басқалардан өзгеше болуы мүмкін. Микроқаржы ұйымы микрокредиттер беру қағидаларына сәйкес есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің қосымша жобаларын ұсынуы мүмкін.