Әлеумет

Қазақстанда тағы бір банк пайда болуы мүмкін

Tas Finance Group микроқаржы ұйымы (Tascredit бренді) банк лицензиясын алу рәсімін бастады.

Дулат ТАСТЕКЕЙ,

Бұл туралы компанияның бас директоры әрі тең иесі Дулат Тастекей New Vision 2026 форумында мәлімдеді.

Оның айтуынша, әзірге қаржы нарығын реттеуші органмен бастапқы келіссөздер ғана жүргізіліп жатыр. Егер процесс сәтті аяқталса, Қазақстан нарығында 24-банк пайда болуы мүмкін. Тастекейдің бағалауынша, лицензия алу рәсімі кемінде 1,5-2 жылға созылады.

2025 жылы Қазақстанда екі микроқаржы ұйымы банк мәртебесін алған болатын. Олар – оңтүстіккореялық BNK Capital және елдегі ең ірі микроқаржы ұйымы KMF.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз