Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:12, 26 Маусым 2024

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто допинг дауынан ақталып шықты

Нора Джерута
Фото: Reuters

Қазақстан атынан өнер көрсетіп, допинг дауына іліккен жеңіл атлет, әлем чемпионы Нора Джеруто Лозанна өзіне тағылған айыптан толық ақталып шықты.

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының мәліметінше, сот шешімі 25 маусымда шыққан.

Лозанна спорт арбитраждық сотының (CAS) шешімімен 2022 жылғы әлем чемпионы Нора Джеруто толығымен ақталды. 2024 жылғы 25 маусымда халықаралық арбитраждық сот шешім шығарды: World Athletics-тың 2023 жылғы 24 қарашада World Athletics Тәртіптік трибуналының 2023 жылғы 27 қазандағы спортшы Нора Джерутоның допинг қолданды деген күдікке байланысты шешіміне берген апелляциясы қабылданбады.Осылайша, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының спортшысы күдіктен толығымен арылды, делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нора Джеруто 2022 жылы әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысып, алтын медаль алған болатын. Ол биыл да Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға қатысады.