Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:50, 26 Қаңтар 2024

«Кепілде тұрған үй екен»: Алматыда тұрғындар алаяқтарға алданып қалды

кепіл
Фото:

Алматыда Қарасай ауданың тұрғындары кепілде тұрған үйді арзан бағада сатып алып, артынша алданғандарын кеш білген. Баспананы сатқандар әуел баста құжаттардың дұрыс екеніне сендірген. Енді қоныс той жасамақ болған тұрғындар, енді әділдік іздеуде, деп жазды Zhasalash.kz.

Қаскелең қаласынан арзан үй сатылады деген жарнаманы көрген жұрт баспаналы болуға асығып, бөліп төлеуге, қалғаны толық соманы төлеп сатып алған. Алаяқтар кілтін бір ай ішінде береміз дегенімен артынша түрлі сылтаулар көбейген.

"Осы жерге банк өкілдері келді. Олар бұл үй кепілде тұрғанын, қарыз ақшасы бар, әуелі соны төлеу керек екенін айтты. Құжаттардың барлығы ескі екен, маған бұрынғы 2006, 2014 жылғы құжаттарды көрсетті. Бұл үй толықтай жөндеуден өтіп, содан кейін ғана сатылу керек екен негізі", – дейді Алматы облысының тұрғыны Әлия Аманкелдіқызы.

Қыруар қаражатты санап беріп далада қалған тұрғындар бірнеше айда үй толық бітеді деген ақпаратқа сенген. Алайда ешқандай компания, құрылысшылар жұмыс істеп жатқан жоқ.

"Мен үйдің ішіне үш миллион теңгеден астам қаражат жұмсап жөндеу жүргіздім. Өзім анемиямен ауырамын. Жақындарыма жалтақтамай тезірек өзімнің үйіме көшкім келді. Біз сатып алған кезде бірнеше айда үй толық бітеді деген. Бірақ әлі істелген жұмысты көрмедік. Бәріміз жиналып полицияға арыз жаздық", – дейді алданған тұрғындардың бірі Айгүл Сүлеева.

Олардың сөзінше, алданған адамдар саны бұдан да көп. Облыстық полиция департаментінің мамандары тергеу басталғанын айтты.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр", – деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайдильдин.