Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:28, 24 Сәуір 2024

KIA корпорациясы Қостанайда автомобиль шығаратын зауыт салады

р
Фото: из открытых источников

Келесі жылы Қостанайда автомобиль шығаратын зауыт іске қосылады. Бұл туралы Президент Тоқаев пен KIA корпорациясының президенті Хо-сунг Сонгтың кездесуінде айтылды.  

Хо-сунг Сонг Қасым-Жомарт Тоқаевқа автомобиль шығаратын толық циклді зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Зауыт 2025 жылы Қостанайда салынады.

Жобаны жүзеге асыру үшін 90 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.Зауыттың жобалық қуаты жылына 70 мың автомобиль шығаруға есептелген. Оның ішінде 50 мың автомобиль ұсақ бөлшектерден құрастыру әдісімен өндіріледі, яғни жергілікті өнім үлесі барынша жоғары болады, деп хабарлады Ақорда. 

Сонымен қатар Хо-сунг Сонг автомобильдің қосалқы бөлшектерін жаһандық деңгейде өндірушілерді Қазақстанға тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстанда автокөліктің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт салу жөнінде келісімге қол қойылды.

Президент KIA корпорациясының Қазақстанда автобөлшектердің жергілікті өндірісін жолға қою туралы шешімін құптады. Сондай-ақ аталған саланы дамыту үшін білікті отандық мамандар даярлау қажет екенін айтқан.

Фото: Ақорда

Тегтер: