11:44, 27 Қазан 2023
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың немере інісі үйқамаққа жіберілді

Жемқорлық жасады деп айыпталған Ұлан Жапаров үйқамаққа шығарылды.
Бұл туралы zhasalash.kz хабарлады.
Ішкі істер министрлігінің істі тергеушісі бұлтартпау шарасын 26 қарашаға дейін өзгертуді сұрады. Бұған дейін айыпталушы Жапаровтың інісі № 21 түзеу мекемесінде болған.
Қызғызстан президенті Садыр Жапаровтың туысы Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша айыпталуда. Істі Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметі жүргізіп жатыр. Ұлан Жапаров – Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.