Live

Қырғызстанда өзен ағызып әкеткен алты жасар баланың денесі үш күннен кейін табылды

23 маусым күні Қырғызстандағы Кегеті шатқалында жеңіл көлік тасқынды тау өзеніне құлап кеткен. Көлік ішінде екі әйел мен бес бала болған.

су

Оқиға орнында ересектер мен үш бала құтқарылғанымен, 12 жастағы қыз бен 6 жасар ұлды қатты ағыс алып кеткен. Бұл туралы 24KG басылымы хабарлады.

Қыз баланың денесі көп ұзамай табылған. Ал алты жасар баланы іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Іздеуге жүздеген ерікті жұмылдырылып, олардың қатарында Қазақстан мен Ресейден келген еріктілер де болған.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, баланың денесі 26 маусым күні табылған. Бұл ақпаратты Kaktus.Media басылымына ведомство өкілдері растады.

Тегтер: Қырғызстан
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз