13:46, 13 Ақпан 2024
Қызылордада 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
Қызылорда облысы, Белкөл кентінде 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Жасөспірімнің өліміне мектептегі оқушылар арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
12 ақпан күнгі сағат 15:00 шамасында Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.
Оқиғаға қатысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдірді.
«Аталған жарияланым бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - делінген хабарламада.