Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:35, 03 Маусым 2024

Қызылордада дене шынықтыру мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

1

Қызылорда қаласында жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Облыс орталығындағы үздік мектептердің бірінде жұмыс жасайтын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кісі қолынан қаза тапты.

 Күдікті ретінде марқұмның әріптесі қамауға алынды деп хабарлайды, Zhasalash.kz.

Қазіргі күні Қызылорда облыстық полиция департаменті аталмыш жағдайды растап отыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді құзырлы органның баспасөз қызметі.

Аталмыш оқиғаға байланысты облыстық білім басқармасы да ресми ақпаратпен бөлісті.

"31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз, оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр", – деді білім басқармасындағылар.

Тегтер: