Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:35, 21 Мамыр 2024

Қызылордада оқушылар төбелесі кезінде бір жасөспірім көз жұмды

1
Фото: Scanpix/Postimees

Қызылорда облысы Шиелі ауданында оқыс оқиға орын алды. Оқушылар төбелесі кезінде жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Қазіргі уақытта қылмыстық оқиға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ретінде екі жасөспірім қамауға алынды.

"Кәмелетке толмағанның қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп,тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Күдікті ретінде екі кәмелетке толмаған ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Іс Қызылорда облысы ПД бастығының бақылауында", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш оқиға бойынша облыстық білім басқармасы мамандары әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде мектеп оқушысы төбелес кезінде көз жұмған еді. Ол кезде мектеп директоры жұмысынан қуылған болатын.

Айнұр Төлешова

Тегтер: