Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті Сырдариядан табылды
Қызылордада 5 маусым күні із-түссіз жоғалып кеткен 6 жасар Медина Мұратқызының мәйіті Сырдария өзенінен табылды.
Бүлдіршінді іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылып, екі тәулік бойы ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Алайда барлық жедел шараларға қарамастан, қызды аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Еске салайық, Медина Мұратқызы 5 маусым күні шамамен сағат 18:30 шамасында Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз болып келген.