Саясат

«Көк бөрі» әділдік үшін күреседі

Соңғыкүндері президент бірнеше заңға қол қойды. Соның бірі – «Саяси партиялар туралы» заң.

«Көк бөрі» әділдік  үшін күреседі

Бұл бізге  не береді, не  өзгереді? Мәселе сонда  болып тұр. Бір  қарағанда бұл  заң партиялардың  тіркелуіне жолашатын сияқты. Мұнда саяси партияларды құру үшін тіркеу талабы 40 мыңнан 20 мыңадамға дейін төмендетілген. Бұған қоса, партиялық сайлау тізімдерінде әйелдермен жастар үшін кемінде 30 пайыз мөлшерінде квота енгізу туралы түзету бар.Бір  қарағанда жұп-жұмыр, жылмағай дүние.Бірақ осымен бәрі  бітті, түйткіл  шешілді деуге  бола  ма?  Жоқ. Партия тіркеуге келгенде бәрібір кедергі  жеткілікті.Ақиқатын айтар  болсақ, 40  мың мен 20 мыңның айырмашылығы  шамалы.  Егер де үш не  болмаса  бес мың  қол  жина десе,  мәселе  басқа.

 Бірмысал, 150 миллион халқы бар көрші Ресейде партия  құру үшін 500 адам  болса  жеткілікті. Бізде  небәрі 18 миллион халық. Айырмашылық қандай? Хош  делік. Жарайды,  20 мың адамдық  қол жинап, 1000 адамның басын  қосыпқұрылтайшы  съезін өткізгенімен, биліктіркеуге  жібере  қояды деп үміттенуге  болмас.«Партияның  артында кім тұр,  мақсаты не, билікпен ымыраға келе  ме?» – осыныңбәрі жүз қайтара  сүзгіден  өтеді. Биліктің  сөзін сөйлемейтін  болса, онда бұл  партия тіркеуден  өтпейді, яғни оқшатайдан түсіп  қалады  деген сөз. Ең үлкен кедергі  осы.Қайтпек  керек? Тағы бір ескеретін  дүние, бұл заңдар  қоғамның талқылауынан  өтті, ескертпелер ескерілді  деп  айта қою  қиын.

Карантин кезінде асығыстыққа  жол  берілді. Неге? Өйткені  кезектен тыспарламент сайлауы  өтеді  деген сыбыс бар.  Егер де  солай болатын болса, партияға айналсақ  депжүрген біраз  қоғамдық  ұйымдар мен қозғалыстар  тіркеліп үлгере  ме? Әлде сайлау  баяғы «Нұр Отан» мен «Ақ  жолдың» және билікшіл  тағы бір  партияның арасында  өте  ме? Солай болып  жатса  қоғамда еш нәрсе  өзгермейтіні  анық. Бұл партиялар мемлекеттің дамуына,  халықтыңәл-ауқатының түзелуіне септік  болаалды  деу қиын.  Содан  болар, бұларға  жұрттың  сенімі аз. Демек,  саясат сахнасына  жаңа  партиялар келгені  жөн. Онда да  биліктің  сойылын соғатын,  тек мақсаты парламентке ену  үшінжанталасатын партия емес, шын  халықшыл,шын  мемлекетшіл, шын  ұлттың мүддесін ойлайтын  партияболуы  шарт.  Әйтпесе әдемі әңгіме айтып, түрлі уәдені  үйіп-төгіп,бірақ артынан 180 градусқа  өзгеріпкететін екіжүзділер жеткілікті.

Өткен жылғы президент  сайлауы кезінде  болған жағдай халыққа сабақ  болғаны жөн.Ең  бастысы – дұрыс таңдау. Егер деөміріңді  өзгерткің келсе, салауатты,ашық, әділ қоғамда  өмір сүргің  келсе, онда сондай өмірді уәде еткен және сол уәдесінде  тұрып, халықтың  тұрмысын түзете алатын  тұлға  құрған партияға дауыс беріп, сол  партияның мүшесі  болғаның  керек. Мәселен,  біз осы  жолды  таңдадық. Халықтың сөзін  сөйлегіміз келеді, халықтың тұрмысын  түзеткіміз келеді. Қазақстан жерінің  асты да, үсті де бай.  Ол ондаған  триллион доллармен  есептеледі. Сол  байлықтың қызығын қазір азғана  топ көріп  отыр. Біздің алға  қойған мақсатымыз – осыны бұзу. Ел байлығы мемлекеттегі барлық адамның ырзығынаайналуы  тиіс. Кез келген азамат  тегін медициналық  көмек, тегін білім алуға  құқылы. Мұныжасауға болады. Мүмкіндік бар. Егер де 2016 жылдан бері еліміздің  экологиясы үшін күресіп келген «Байтақ-Болашақ»экологиялық  альянсы  алдағы уақытты   партия ретінде тіркелетін  болса,  онда осы айтқандарымызды қалтқысыз орындарымыз  хақ. Біз осы жолды таңдадық.

Былтырдан  бері «Көк  бөрі»  деген атауға ие жасылдар  партиясын  құруға ниет етіп жатырмыз. Еліміздің барлық аймақтарында бөлімшелеріміз  бар, қолдаушылар да  жеткілікті. Неге  біз партия атауын «Көк бөрі»  деп алдық? Өйткені кешегі кеңестік кезең,қазақ  ұлтының беткеұстар  ұлдарын, көшбасшы көсемдерін жоқ етті. Мәселен, 1916 жылғы  топалаң, 1918-20 жылдардағы азамат   соғысы, 1921-22 жылдардағы аштық, 1928-29 жылдардағы тәркілеу,  1931-32 жылдардағы ашаршылық, 1937-38жылдардағы саяси  қуғын-сүргін, 1941-45жылдардағы кеңес-герман  соғысы және 1950жылдар ішіндегі саяси «ызғарлы» кезеңдерде қаншама Алаш  баласы опат болды. Осының бәрі шарболаттайқайралған қайраттың кемуіне,  рухтыңқұлауына  әсер етті. Жылқы  мінезді, көк  бөрідей қуатты,  текті  қазақ жалтақ,  өз  ойын ашық айта алмайтын  жасық, жігерсіз,  өз  тілінен безінген,  өз  мәдениетін өткеннің «сарқындысы»  деп қарайтын  тексіз ұлтқа айналды.Бұл  үлкен  трагедия.

Осының бәрін безбенге  сала келе, біз қазаққа биік  рухты,  намысты, жігерді,  күштілікті қайтаоралтқымыз  келеді. Сондықтан  бүгінгі қазақ көк  бөрідей  мықты, еркін, азат  ойлы  болғанын қалап, кешегі  көшпелі  түркі жұртының  тотемі  болған көк бөріні өзіміздің  партияныңатауы  ретінде  алып отырмыз. Көк бөрі – азаттықтың, рухтылықтың, мықтылықтың және  тектіліктің символы. Біз  исі қазақтың  осындай болғанын қалаймыз.  Әрине,партияны «Көк бөрі»  деп атау  бар да,  оны  тіркеу бар. Бірақ рухы  биік,халықтың  қамын күйттейтін  партия билікке  керек пе, тіркеуден  өткізе  ме –   мәселе сонда болып  тұр. Өйткені елдегі  билік жүйенің өзгергенін  қаламайды.  Осы ескі сарында жүре бергісі келері хақ. Біз бұған  қарсымыз. Сол үшін «Көк бөрі»  партиясынтіркеп,  әділдік  үшін, ақиқат  үшін, халықтыңбақуатты  өмірі үшін, кемелденген  ел болу үшін күрескіміз келеді.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ, 

«Байтақ-Болашақ»экологиялық альянсының 

 төрағасы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз