Live

Көкшетауда аулада кетіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті

Оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгіндеген әйел тротуарда анасымен бірге кетіп бара жатқан баланы басып кеткен.

1

Салдарынан бала жарақат алып, дәрігерлердің тексеруінен өтті. Медициналық көмектен кейін ол үйіне жіберілген.

Белгілі болғандай, баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жиналған материалдар негізінде жүргізуші заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз