Көкжайлау дауы: Аруна Ортай қамауда қалды
Апелляциялық сот экобелсенді әрі журналист Аруна Ортайды қамауда қалдыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Аруна Ортай 29 тамызда Көкжайлаудағы құрылысқа қарсылық білдірген журналист 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Оған Instagram желісінде әкімдікте өткен жабық жиынның аудиожазбасын жариялады деген айып тағылған.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 148-бабы - хат-хабар, телефон арқылы сөйлесу және өзге де хабарлардың құпиясын заңсыз бұзу бойынша іс қозғалған.
2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көкжайлауда құрылыс жүргізуге тыйым салып, бұл аумақта курорт салынбайтынын мәлімдеген еді. Алайда биыл Көкжайлауда құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Almaty Superski жобасы аясында шатқалда 60 шақырым тау-шаңғы трассасы мен 16 аспалы жол салу жоспарланған.