Қоғам

«Қол астындағылар парамен ұсталды»: Атырау әкімі қайда жүр?

Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тілек Махуов ұсталғаннан кейін тұрғындар қала әкімі Шәкір Кейкіннің неге көпшілік алдына шықпай кеткеніне қатысты сұрақ қоя бастады.

Шәкір Кейкін

Мұндай жағдай бұған дейін де болған. Қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов пара алды деген күдікпен ұсталғаннан кейін де Шәкір Кейкін біраз уақыт ақпараттық кеңістікте көрінбей, бұл қоғамда түрлі сауал туғызған еді.

«Әкім еңбекке уақытша жарамсыздық уақытында болды. Қазір жұмысына қайта оралып, өз міндеттерін атқарып жатыр», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Осы уақытта әлеуметтік желілерде тұрғындар қала басшылығының саяси жауапкершілігі туралы пікір білдірді. Олар әкімнің жақын қарамағындағы қызметкерлері ұсталғаннан кейін неге қызметінен кету мәселесін қарастырмай отырғанына қызығушылық танытқан.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеудің басталуы адамның кінәсі дәлелденді дегенді білдірмейді. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіздік презумпциясы қолданылады. Сондықтан уәкілетті органдар басқа шешім қабылдамаған жағдайда, Шәкір Кейкін қала әкімі ретіндегі қызметін жалғастыруға толық құқылы.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз