«Қолымыздан келгенін істедік»: Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты пікір білдірді
Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров Ербаян Мұхтардың отбасына көңіл айтып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, тергеу аясында кінәлі тұлғалар анықталып, Ұлттық ұлан басшылығына қатысты тәртіптік шаралар қабылданады. Сондай-ақ вице-министр істі Ішкі істер министрлігі, әскери прокуратура және өзге де құқық қорғау органдары тергеп жатқанын атап өтті.
«Оқиға болған сәттен бастап Қорғаныс министрлігі отбасына қолдау көрсетті. Емдеу әскери госпитальда жүргізілді, ата-анасымен үнемі байланыста болдық. Қолымыздан келген барлық көмек көрсетілді. Ұлттық ұлан басшылығы жерлеу рәсіміне қатысады деп ойлаймын», - деді Қаныш Әбубәкіров.