Конгода содырлар 60-тан астам адамды өлтірді
Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында қарулы топ мүшелері кем дегенде 69 адамды өлтірді.
Шабуыл Итури провинциясындағы оқшау орналасқан ауылдарға жасалған. Қаза тапқандардың басым бөлігі – бейбіт тұрғындар.
AFP агенттігі елдің қауіпсіздік қызметтеріне сілтеме жасап, шабуылдарға “Конгоны дамыту кооперативі” атты қарулы топ қатысы болуы мүмкін екенін жазды.
Сондай-ақ Нигерияда да қайғылы оқиға тіркелді. Елдің солтүстік-шығысындағы Йобе штатында әуе күштері содырларды қуып келе жатып, базарға соққы жасаған. Салдарынан кемінде 200 адам қаза тапқан. Құрбандардың басым бөлігі – бейбіт тұрғындар.
Бұған қоса, Нигерияда террористер емтиханға бара жатқан 18 оқушыны кепілге алғаны хабарланды.