Әлеумет

Коронавирус әкімдерге таяқ боп тиіп жатыр

Зайсан ауданы тұрғындарының өре түрегелуінетүрткі болған коронавирусқа қатысты қауесеттің ақыры кадрлық ауыс-түйіске әкепсоққаны белгілі.

Коронавирус әкімдерге таяқ боп тиіп жатыр

Облыс әкімі Даниал Ахметов шулаған жұртқа басу айтып, ақпанныңсоңы таяғанда екі рет шапқылап барды. Аудан әкімі қызметінде бар-жоғы 10 ай ғанаотырған Серік Ақтановты қызметінен босатып, орнына Үржар ауданын жеті жыл басқарғанСерік Зайнулдинді әкелді. Қызығы сол, Зайнулдин бұл ауданға үшінші рет әкімболып келіп отыр. Осыдан жеті жыл бұрын Үржарға осы ауданның әкімі қызметіненаттанған оны қайтадан Зайсанға әкім ету Ахметов үшін не үшін қажет болғаны түсініксіз.

Өмірбаян жолдарына көз жүгіртсек,Серік Зинабекұлының өз ауылынан ұзап шығуды жаны қаламайтын шенеуніктей көрінетінірас. Зайсан ауданы ауыл шаруашылығыбөлімінің басшысы, 1997-2004 жылдары аудан әкімінің орынбасары, 2004-05 жылдарыЗайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы, кейіннен Катонқарағай ауданының әкіміболған ол 2010-13 жылдары қайтадан Зайсан ауданының әкімі қызметін атқарыпты. Енді,міне, коронавирус дүрбелеңінің арқасында «кіндігінің жас қаны тамған жері» Зайсанғақайта оралды. Қайта оралған Зайнулдин тағайындалып тұрғанда ел не күлерін, нежыларын білмей қалған көріністің куәсі болды.

— Маған үлкен сенім артып, туған жеріме әкім етіп тағайындағаныңыз үшін үлкеналғыс айтамын. Коронавирус туралы келеңсіз  жағдайға байланысты сізденжерлестерімнің атынан басымды иіп кешірім сұраймын. Бар білімім мен тәжірибемдіауданның дамуына жұмсаймын, – деп салды Серік Зайнулдин облыс әкіміне қарата.

«Әкесін сабағанды көріп едік, бірақ арбаға байлап сабағанды кім көрген?»дегендей, бұған дейінгі талай тағайындаулардың «төресін» көріп жүрсек те,Зайнулдиннің Ахметовқа алғыс айтып тұрып коронавирус үшін кешірім сұрағаны,шындығында, ақылға сыйымсыз әрекет болды. Біріншіден, кешірімді Зайнулдин емес,ауданды оған дейін басқарған Серік Ақтанов сұрауы тиіс еді. Әлде жеті жыл бұрынҮржар ауданына тағайындаған да осы Ахметов болған соң, ығына жығыла сөйлеудің қыр-сырынбіліп қалған сиқы ма екен, кім білсін?.. Не десек те, «атының сыры иесіне мәлім».Алайда ел ішін алаңдатқан аты жаман дерт үшін жерлестері атынан облысбасшысынан кешірім сұрауы ешбір әкімнің ойына кіріп-шықпайтын «тапқырлық» болыпшықпағаны анық.

 АлЗайнулдиннің орнына Үржар ауданының әкімі қызметіне тағайындалған Нұржан Тоқсейітовбұған дейін Бесқарағай, Алтай ауданының әкімі қызметтерін атқарған тәжірибелібасшы. Үржар  – Тоқсейітовтің басқаруына берілген үшінші аудан. Бірақбір ауданды жеті жыл басқарып, бір ауданға үш рет оралған Зайнулдиндікіндей«артықшылығы» жоқ әлі.

Сәтжан Қасымжанұлы, 

Шығыс Қазақстан облысы   

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз