Саясат

Коронавирустың екінші толқынына дайын болу керек – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар коронавирустың екінші толқынына дайын болуы керек деп санайды.

Коронавирустың екінші толқынына дайын болу керек – Тоқаев

Бұлтуралы ол бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты.  

«Бүгінгі таңда биологиялық қауіпсіздікбарлық елдерде мемлекет қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Менкоронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек екенін айтқанмын. Біздіңелімізде және көрші елдерде табиғи індет ошақтарының тұрақтылығы және басқа дақауіпті инфекциялардың болуымен жағдай күрделене түседі. Бірқатар қажетсізреформалар мен қайта құрылымдаудың салдарынан санитарлық-эпидемиологиялыққадағалау қызметі мен инфекцияларға қарсы бақылау жүйесін едеуір әлсіретіпалдық. СЭС-ті күшейтіп, оны дамыту қажет, дәлелденген модельге көшу керек. Осынегізде жаңа комитетті құру жұмыстары басталып та кетті, бас мемлекеттіксанитарлық инспектордың мәртебесі мен өкілеттіктері артады. Өмірдің өзі бұлреформаны қолға алуды мәжбүр етіп отыр. Әлеуметтік қорғау мамандығы бойыншашаралары қабылданады және осы қызмет мамандарын оқыту жүйесі де қайта қаралады», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесі үшінші отырысында.

Мемлекет басшысы сонымен қатар жұқпалы аурулармен күресте шетмемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту қажет екенін атап өтті.

– Биоқауіпсіздік жүйесібірыңғай стандарттарға сәйкес жұмыс істеуі керек және мемлекеттер арасындағытиімді өзара іс-қимыл мен қауіп-қатерлерге жауап қайтаруды қамтамасыз етуікерек… Жыл соңына дейін Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы заңәзірлеу керек, — деді Тоқаев.

 

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз