Live

Қостанай әкімдігінде білім бөлімінің басшысы ұсталды

Қостанай әкімдігінде ҰҚК қызметкерлері тінту жүргізді. Білім бөлімінің басшысы ұсталды.

Гүлсім Оразбаева

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады.

Гүлсім Оразбаева Қостанай қалалық білім бөлімін 2023 жылдан бері басқарып келген. Тергеу мәліметінше, Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Олар өзге тұлғалармен бірге мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Прокуратураның хабарлауынша, Оразбаеваға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша күдік келтірілген.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат жарияланбайды», - деп мәлімдеді облыстық прокуратура.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайларында тінту жүргізілген.

Тегтер: Қостанай
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз