Live

Қостанай облысында ер адам әйелін жаралап, оның 15 жастағы ұлын өлтірген

Қостанай облысында 15 жастағы жасөспірімнің өлімі мен оның анасына жасалған қастандық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

қылмыс

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 сәуір күні Жітіқара қаласында тұрмыстық жанжал кезінде болған.

Полиция дерегіне сәйкес, 37 жастағы жергілікті тұрғын әйел пышақ жарақатын алған. Ал оның 15 жастағы ұлы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол — зардап шеккен әйелдің күйеуі болып шыққан.

Қостанай облыстық полиция департаменті күдіктінің қаза тапқан жасөспірімнің әкесі емес екенін нақтылады. Марқұм бала әйелдің бірінші некесінен туған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Қостанай
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз