Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:38, 30 Сәуір 2024

Қаңтар оқиғасы: Бас Прокуратура Тұрғымбаевтың ұсалғанын растады

в
Фото: из открытых источников

ҚР Бас Прокуратурасы бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсалғанын растады, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Бұған дейін ақпарат құралдарында Тұрғымбаевтың Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғаны туралы жарияланған. Алайда, ресми органдар растамаған болатын. 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Биыл 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды, деп хабарлады Бас Прокуратура.

Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметін 2019 жылдың ақпанынан бастап, 2022 жылға дейін атқарды. Ал,  Қаңтар оқиғасынан кейін ол қызметінен кетті.

Фото: ҚР ІІМ