Қоғам

Құрылтай Бюросы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеу қағидаларын бекітті

Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтай Регламентінің жобасы талқыланды.

журналистика

Регламент жобасы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес әзірленді. Құжат Құрылтай депутаттарының қызметін нақты құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді. Онда парламентаризм саласында жинақталған тәжірибе, Құрылтайдың бір палаталы моделінің ерекшеліктері, сондай-ақ оның конституциялық өкілеттіктерінің жаңа жүйесі ескерілген.

Регламент жобасында Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру, заң жобаларын қараудың бірыңғай үш кезеңді моделі мен сараланған мерзімдері, сондай-ақ Құрылтайдың Үкіметпен және Қазақстан Халық Кеңесімен кешенді өзара іс-қимылын реттеу мәселелері қамтылған. Сонымен қатар, Бюро отырысында Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің заңнама салалары бойынша қызмет бағыттары және олар жетекшілік ететін мемлекеттік органдар айқындалды.

Бұған қоса, Бюро отырысында Құрылтай жанынан БАҚ өкілдерін аккредиттеу қағидалары бекітілді. Құжаттың толық мәтіні әзірге жарияланған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз