Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:55, 27 Қараша 2023

Магомед Адиев ресми мәлімдеме жасады

Футбол
Фото: из открытых источников

Әлеуметтік желіде "футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев "Ақтөбе" командасының тізгінін ұстайды" деген ақпарат тарады, Адиев бұл ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Құрметті достар, жанкүйерлер бүгінде маған "Ақтөбе" футбол клубына жетекшілік етуіме қатысты көптеген сұрақтар келіп жатыр. Бірақ менің басты мақсатым мен міндетім – Қазақстан құрамасы мен наурыз айында өтетін ойындар, мен қазір соған көңіл бөлемін. Басты мақсатым және арманым – 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына шығу және онда өнер көрсету. Осыған орай, құрметті достар мен жанкүйерлер, мен жақын арада ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын», - деп жазды Адиев.