Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:47, 22 Қазан 2023

«Манчестер Юнайтед» футболшысы Бобби Чарлтон қайтыс болды

4
Фото:

Аты аңызға айналған «Манчестер Юнайтед» футболшысы, Англия құрамасымен әлем чемпионы, 1966 жылғы «Алтын доп» иегері сэр Бобби Чарльтон 87 жасында дүниеден өтті

Манчестер Юнайтед клуб ұжымы өз тарихындағы ең ұлы және ең сүйікті ойыншылардың бірі сэр Бобби Чарлтонның қайтыс болуына байланысты оның отбасына қайғырып, көңіл айтады. Ол тек Манчестерде немесе Ұлыбританияда ғана емес, бүкіл әлем бойынша футбол ойналатын жерде миллиондаған адамдардың қаһарманы болды. Ол өзінің спорттық шеберлігі мен адалдығымен ғана емес, футболшы ретіндегі тамаша қасиеттерімен де тәнті етті.

«Сэр Бобби әрқашан ойынның алыбы ретінде есте қалады», - делінген хабарламада.

Чарльтон Манчестер Юнайтедте 17 жылын өткізді және команда капитаны болды. Ол 758 кездесу өткізіп, 249 гол соғып, Еуропа кубогын, үш лига чемпионы және Англия кубогын жеңіп алды.

Англия құрамасы үшін 106 ойынға қатысып, 49 гол соғып, 1966 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алды. Чарльтон 1966 жылғы «Алтын допты» да жеңіп алды.

Зейнетке шыққаннан кейін ол Манчестер Юнайтедте 39 жыл директор болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қарашасында Чарльтонға деменция диагнозы қойылғаны белгілі болды.