Live

Маңғыстау облысындағы атыстан кейін төрт күдікті ұсталды

Маңғыстау облысында екі адам оқ жарақатын алған атыс оқиғасына байланысты төрт күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция

Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу баптары бойынша қылмыстық істер қозғалған.

«Полицейлер оқиғаның мән-жайын алдын ала анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 9 шілдеде ауруханаға оқ жарақатын алған екі жас жігіт жеткізілген. Оқиғадан қаза тапқандар жоқ. Қазір барлық мән-жайды жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары оқиға Ақшұқыр ауылында болғанын хабарлаған еді.

Журналистердің мәліметінше, 2001 жылы туған жігіттің беті, мойны және екі қолы бытырадан бірнеше жерден жараланған. Сондай-ақ оның кеуде қуысына оқ өтіп, травмалық гемоторакс диагнозы қойылған.

Ал 1999 жылы туған екінші ер адам оң жақ сирағынан бытыра жарақатын алып, бас сүйегінің бірнеше жері сынған.

Тегтер: маңғыстау
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз