Live

Маңғыстау тұрғындары утильалымды төмендетуді сұрады

Маңғыстау облысының тұрғындары Президентке бейнеүндеу жолдап, автокөліктерге салынатын утильалым мен бастапқы тіркеу құнын арзандатуды талап етті.

Утильалым

Аймақта шетелдік нөмірмен жүрген көліктер саны шамамен 40 мыңға жуық. Олардың басым бөлігі Грузиядан әкелінген. Көлік иелері бұл машиналарды Қазақстанда заңдастыруға ниетті екенін, алайда қазіргі баға қалтаға ауыр тиетінін айтады.

Жергілікті Lada.kz басылымының мәліметінше, 200-ге жуық адам облыстық «Аманат» партиясы филиалының алдына жиналып, өз талаптарын жеткізген. Олар бастапқы тіркеу құнын 25-50 АЕК деңгейінде белгілеуді ұсынды.

Талғат Демегенов есімді тұрғынның айтуынша, егер тіркеу бағасы қолжетімді болса, бұл бюджетке де тиімді болмақ:

«Мысалы, сегіз мың көліктің өзін осы сомамен есептесек, қомақты қаржы түседі. Оған қоса жыл сайынғы салықтар бар. Біз төлеуден қашпаймыз, тек баға халыққа қолжетімді болсын», - дейді ол.

Сонымен қатар тұрғындар 2024 жылдың сәуірінен бері мұндай көліктерге сақтандыру рәсімдеу мүмкін болмай отырғанын айтты. 

Жиын қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары бұл мәселені Мәжіліске депутаттық сауал ретінде жолдауға уәде берді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз