Мәжіліс минтинг туралы заңға Сенат енгізген өзгерістерді мақұлдады
<p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"=""> Мәжіліс депутаттары "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады.
<p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"=""> Сенат митингке қатысушыларға бетін бүркемелеуге рұқсат беруды ұсынды. Яғни, қатысушыларға денсаулығын сақтау қажет болған жағдайда, жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға, мәселен маска тағуға рұқсат беріледі. <p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"=""> Бейбіт жиналысқа қатысып жатқан адам заңбұзушылық жасаса, ол бейбіт жиналысты тоқтатуға негіз болып табылатын. Енді бұл нормаға да өзгеріс енгізілді. Митинг кезінде қатысушы немесе қатысушылар тарапынан орын алған заңбұзушылық жойылса, митингті әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік беріледі.Сонымен қатар, тыныс-тіршілік нысандары, көлік пен өзге де инфрақұрылым жұмысының бұзылуы, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру сияқты себептер митингті өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды. Себебі билік мұндай кедергілерді арнайы орынды белгілеу кезінде алдын ала ескеруі тиіс. <p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"=""> Бұдан бөлек, сенаторлар астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыстардың әкімшілік орталығы, аудандарының орталық бөлігінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың міндетті санын белгілеуді ұсынды. <p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"=""> «Сенаттың түзетулері мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді. Керісінше, оның жекелеген нормаларын жақсартуға бағытталған», — деді мәжіліс депутаты Қанат Мусин. <p style=«font-family:» font-size:13px;vertical-align:baseline;color:#222222;"=""> Мәжіліс бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды бірауыздан мақұлдады.
<span style=«color: rgb(51, 51, 51); font-size: 14px;» font-size:14px;"="">Сондай-ақ Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста депутаттардың заң шығарушылылық жұмысына баса назар аударылды.
<span style=«color: rgb(51, 51, 51); font-size: 14px;» font-size:14px;"=""> «Біз депутаттарымыздың бастамасымен әзірленген тағы бір заң жобасын мақұлдадық. Ерекше айту керек, біздің депутаттардың заң шығару бастамашылығы осы сессияда өте жоғары. Мысалы, 41 Заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды. Алдымызда тағы да оншақты заң жобасы бар,» — деді Мәжіліс Төрағасы.