Саясат

Мәжіліс митинг туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістерді мақұлдады

Мәжіліс депутаттары "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру жәнеөткізу тәртібі туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістер ментолықтыруларды мақұлдады.

Мәжіліс митинг туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістерді мақұлдады

Сенат митингке қатысушыларға бетін бүркемелеуге рұқсат беруды ұсынды. Яғни,қатысушыларға денсаулығын сақтау қажет болған жағдайда, жеке қорғанышқұралдарын пайдалануға, мәселен маска тағуға рұқсат беріледі. 

Бейбіт жиналысқа қатысып жатқан адам заңбұзушылық жасаса, ол бейбітжиналысты тоқтатуға негіз болып табылатын. Енді бұл нормаға да өзгерісенгізілді. Митинг кезінде қатысушы немесе қатысушылар тарапынан орын алғанзаң бұзушылық жойылса, митингті әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, тыныс-тіршілік нысандары, көлік пен өзге де инфрақұрылымжұмысының бұзылуы, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру сияқтысебептер митингті өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды. Себебі билік мұндайкедергілерді арнайы орынды белгілеу кезінде алдын ала ескеруі тиіс. 

Бұдан бөлек, сенаторлар астана, республикалық маңызы бар қалалар жәнеоблыстардың әкімшілік орталығы, аудандарының орталық бөлігінде бейбітжиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың міндетті санын белгілеудіұсынды. 

«Сенаттың түзетулері мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасымен мазмұнын өзгертпейді. Керісінше, оның жекелеген нормаларын жақсартуғабағытталған», — деді мәжіліс депутаты Қанат Мусин. 

Мәжіліс бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына сенат енгізген өзгерістер ментолықтыруларды бірауыздан мақұлдады.

Сондай-ақ бүгін  Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніңтөрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста депутаттардың заң шығарушылылықжұмысына баса назар аударылды.

«Біздепутаттарымыздың бастамасымен әзірленген тағы бір заң жобасын мақұлдадық.Ерекше айту керек, біздің депутаттардың заң шығару бастамашылығы осы сессиядаөте жоғары. Мысалы, 41 Заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды. Алдымыздатағы да оншақты заң жобасы бар,» — деді Мәжіліс Төрағасы.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз