Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:42, 21 Мамыр 2024

Министр: Көп шығыннан қорықпа, аз табыстан қорық

ы
Фото: из открытых источников

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлікке ақшаңыз жетпесе, көп ақша табу керектігін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Ол бүгін Үкімет отырыснда қазақстандықтар жалақысының көп бөлігін азық-түлікке жұмсауды қашан қояды деген журналистер сауалына жауап берген. 

«Көп шығыннан қорықпа, аз табыстан қорық деген жақсы сөз бар. Біз көбірек табыс табуымыз керек, көбірек өндіруіміз керек. Ал азық-түлік себеті мен тұтыну тауарларына келетін болсақ, олардың бағасы тұрақсыз», - деді Шаққалиев.

Сонымен қатар ол, қай жерде тұрақты жеткізу мен бәсекелестік жоғары болса, нарықтық баға сол жерде қалыптасатынын айтты.

Фото: INFORM.KZ

Тегтер: