спорт

Министрлік шахматшы Бибісара Асаубаеванының үндеуіне жауап берді

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның дайындық жұмыстарына бөлінетін қаржы көлеміне қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, спортшының қаржыландыру жөніндегі өтінімі қаралып, қолдау тапқан.

Бибісара Асаубаева

Соның негізінде оған халықаралық жарыстарға қатысуға және дайындалуға қажетті стандартты қаржылық көмек көрсетіледі.

Министрліктің дерегіне сәйкес, федерациялар мен өзге де ұйымдардың қаражатын қоса есептегенде, биыл Бибісара Асаубаеваны қолдауға шамамен 210 миллион теңге бөлінеді. Бұл шамамен 430 мың АҚШ долларына тең.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаевтың айтуынша, өткен жылы шахматшының дайындық шығындарына шамамен 160 миллион теңге бағытталған.

 "Бұл – барлық қаржыландыру көздерін қоса есептегендегі сома. Өткен жылы шамамен 160 миллион теңге болды. Халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсету үшін бір спортшыға бұл қаражат жеткілікті деп ойлаймын", - деді вице-министр.

Сондай-ақ министрлік Бибісара Асаубаеваны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау мәселесіне де тоқталды.

Ведомствоның хабарлауынша, тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойған. Алайда шахматшының халықаралық жарыстарға қатысу кестесінің тығыз болуына байланысты марапатты табыстау рәсімі әзірге өткізілмеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз