Мирзиёев Назарбаев бастамасымен құрылған одаққа кірмейді
Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүшеболмайды. Бұл туралы өзбек басшысы Шавкат МИРЗИЕЕВ сенат отырысында айтқан.
Бұлтуралы «Жас АЛАШ» KUN.UZсайтына сілтеме жасапхабарлайды.
«Интеграцияжайында пікір білдіруге рұқсат етіңіз. Біздің азаматтарымыздың көбісі шет елдерде жұмыс істейді.Қазақстан мен Ресейде. Біз осы мәселеге немқұрайлы қарай алмаймыз. Мына бірнәрсені есте сақтаңыздар. Ешкім ешқашан ешкімге тәуелсіздікті бермейді.Тәуелсіздік халық сенген президенттің қолында. Біз ол одақтың мүшесі болмаймыз», — деді Мирзиёев жаңадан сайланған өлий мәжілісі сенатының алғашқы отырысында.
Президент одақтың бақылаушысы болу мүшесіболады деген сөземес деді. Естеріңізге сала кетейік, халықаралық істер комитетінің төрағасыФарит МУХАМЕТШИН 2020 жылы Өзбекстанның ЕЭО-тың бақылаушысы болу мәселесішешіледі деген.
«Біз қандайартықшылықтарменкемшіліктердіңбарекенінкөреміз. Көрерменсияқтыболамыз. БізСанкт-ПетербургқаласындаВладимирВладимировичпенбіразмәселеніталқыладық. Неістесекте, ұлттықмүддеміздіескеріпістейміз. Соғансенімдіболыңыз», — депатапкөрсетті Мирзиёев.
Сондай-ақ, Өзбекстан президенті өзсөзінде жеміс-жидектерін еуропаға сатуға ықласты екенін білдірді.
Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылы құрылған. Оныңқұрамында Қазақстан, Қырғыз Респуликасы, Беларусь Республикасы, Армения жәнеРесей Федерациясы бар.
2016 жылы Санкт-Петербургқаласында өткен халықаралық экономикалық форумда Кремль басшысы Владимир ПУТИНЕЭО Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ бастамасымен құрылғанын айтқанеді.
Фото: KUN.UZ