НАТО: Ресей КСРО шекарасын қалпына келтіруге ұмтылуы мүмкін
НАТО әскери комитетінің төрағасы Джузеппе Каво Драгоне Ресей бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі ықпалын және аумақтарын қайтаруға ұмтылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы «РБК-Украина» хабарлады.
Оның айтуынша, мұндай ниетке қатысты белгілер бар және оны жоққа шығаруға негіз жоқ.
«Ресей бұрын иелік еткен аумақтарға қайта ұмтылуы мүмкін. Мен КСРО ыдырағанға дейінгі кезеңді айтып отырмын», - деді ол.
Сонымен қатар НАТО өкілі Ресейді Альянс үшін негізгі қауіп деп атады. Алайда қазіргі уақытта Балтық елдеріне қатысты нақты әрі жедел қауіп тіркелмегенін атап өтті.