Саясат

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды

Мұндайшешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегімемлекеттік комиссия қабылдады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚРПрезиденті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегімемлекеттік комиссияның отырысы өтті.Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларынакоронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтанжәне Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсышараларды енгізу туралы шешім қабылдады.19 наурыз сағат 00:00-ден келесішаралар күшіне енеді:

·     карантинді енгізу және ауқымды санитариялық-эпидемияғақарсы іс-шараларды жүзеге асыру;

·     карантин аймағының периметрін белгілеу және оданкіру/шығу пункттерін анықтау;

·     адамдардың жүріп тұруын, сондай-ақ көлік құралдарыныңкіруін/шығуын шектеу;

·     үш санат бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксізжұмысын қамтамасыз ету: жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндік;

·     халықты азық-түлікпен жабдықтауды ұйымдастыру жәнетіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуі үшін оңтайлы,

·     азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалық аумақтағысекторларды және олардың шекараларын анықтау;

·     қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтататұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату;

·   азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлар сатылатынсауда базарларының, ірі сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын,азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сату жөніндегі оларда орналасқанобъектілерді қоспағанда, тоқтата тұру;

·    санитарлық-эпидемияға қарсышараларды күшейте отырып, «клиенттерге жеткізу» қағидаты бойыншақоғамдық тамақтану объектілерінің жаңа жұмыс режимін белгілеу;

·     ХҚКО-ның жұмыс режимін қайта ұйымдастыру;

·  карантин аймақтарындағы халықтың және әрбір сектордыңтамақ өнімдеріне, дәрі- дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары менбірінші қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін айқындау;

·    карантин аймағының әрбір секторы үшін қоғамдық көлікқозғалысын барынша азайтуды ескере отырып, сауда және азық-түлікпен жәнебірінші кезекте қажетті  тауарлармен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау;ұйымдастырушылық сипаттағы басқада шаралар.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз