Әлеумет

Нұр-Сұлтанда мүгедектер тегін жолдама алудың қиындығын айтты

<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">Нұр — Сұлтан қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасына 2 наурызда таңғы сегізден жиналған мүмкіндігі шектеулі адамдар санаторийге тегін жолдама жетпейтініне наразы.

Нұр-Сұлтанда мүгедектер тегін жолдама алудың қиындығын айтты
<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">Жолдама алғысы келетіндердің айтуынша, әкімдік оларға қаңтар айында электронды мәліметі бар флэшка берген. Олар осы флешкамен өз бетінше 2 наурызда тіркелуі керек болғанымен, электронды жүйе белгісіз себептермен істемей қалғанын айтады. Сол себепті тіркелу үшін әкімдікке таңнан бастап келген.<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">Наразылық білдірген мүмкіндігі шектеулі адамдарға полиция қызметкерлері келді.<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">«35 жыл педагог болдым» деген Шәйза Мұхамбетжанова әкімдік «жұмысты дұрыс ұйымдастырмады» деп санайды.<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">Мүмкіндігі шектеулі адамдар диагнозы мен дерт түріне қарамастан бәріне бір ғана санаторий — Көкшетаудағы "Қатаркөл" оңалту орталығына жолдама беретіне налиды. Оның да жетпейтінін және қалауларынша емес, күн райы салқын кезде жіберетінін айтады.<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"=""> — Үш жылдан бері ала алмай жүрмін. Қаңтарда келгенімде наурызда кел деді, енді келсем «жолдама сәуірге бар, мамыр мен маусымға орын жоқ» көрінеді, – дейді Алмаш Жұматаева.<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">І топтағы мүмкіндігі шектеулі адам Серкешбай Ғаппаров жолдаманы үнемі наурызда беретінін айтады. Ол бұл жолы алдында жүз шақты адам кезекте тұрғандықтан жолдама ала алатынына сенбейді.<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">Нұр — Сұлтан қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасы бастығының орынбасары Илья Скуб мүмкіндігі шектеулі адамдардың наразылығы жайлы Азаттық тілшісінің сауалына жауап беруден бас тартты.<p style=«color:#1F2124;font-family:Skolar-Light-Cyrillic, Georgia, » font-size:18px;background-color:#ffffff;"="">Нұр — Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдар 25 мыңнан асады, оның 5 мыңы балалар. Оларға заң бойынша, әлеуметтік жәрдемақымен қатар, емдеу-сауықтыру орталықтарына тегін жолдама берілуі тиіс.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз