Саясат

Нұрсұлтан Назарбаевтың Бірлесе білген ел бәрін жеңеді атты мақаласы жарияланды

Мақаланың толық нұсқасы: Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде мен кез келгенмәселені қадірменді отандастарыммен бірге бүкпесіз, ашық талқығасалып, туған халқыммен үнемі ой бөлісіп келемін.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Бірлесе білген ел бәрін жеңеді атты мақаласы жарияланды

Бүгінгідейбүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәттеде баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағыда жұртыма ақ тілеулі сөзімді арнағалы отырмын.

Тұтқиылдан келген жаман індет — коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Қазірдің өзінде дүниежүзі бойынша 1,4 миллионнан астам жан осы сырқатқа шалдығып, ондаған мыңадамның өмірі қиылды. Сондықтан әлем мемлекеттері қатерлі дертке бірлесе дауаіздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігінортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етуде.

Қазақстан қауіпті дерттің алдыналуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болыпкірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттікоргандар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалайпайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесіндеіндеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақтыназарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талайшаруа атқарылатын болады.  Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлердебүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн.

Тәуелсіздіктің ең алғашқы күндеріненбастап мен ұлы Абай атамыздың «Кімге достығың болса, достық достықшақырады» деген дана қағидасын басшылыққа алып, әлемнің барлықмемлекетімен арадағы келісім мен достыққа, өзара сенім мен ықпалдастыққанегізделген саясат ұстандым. Егемендіктің бастапқы жылдарында іргелес елдердіңбәрімен тату қарым-қатынас орнатып, шекара мәселесін түбегейлі шешкеннен кейінтүрлі деңгейдегі ынтымақтастық ұйымдарын құруға бастамашы болғанымның басты себебіде сол еді.

Еуразия экономикалық одағын, Шанхайынтымақтастық ұйымын, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегікеңесті құрып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихисаммитін, Астана экономикалық форумы мен бүкіләлемдік ЕХРО көрмесін өткізушараларының бәрі — Қазақстан мен дүние жүзі мемлекеттері арасындағы өзарадостық пен сенімге негізделген байланысты, экономикалық ынтымақтастықты нығайтуүшін жасалды. Өмірдің өзі, дәл бүгінгі қалыптасқан жағдай біз ұстанған бірігумен бірлесуге негізделген саясаттың бірден-бір дұрыс жол екендігіне көзіміздіжеткізіп отыр.

Жаһан жұртшылығын әбігерге салғанпандемия жаңа бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс туғызды. Алыпкәсіпорындардың жұмысы тоқтады, көлік атаулының қозғалысы шектелді. Мұнайдыңбағасы құлдырады. Ел мен ел арасындағы шекаралар жабылып, алыс-беріс тиылды.Мұның бәрі бұрын-соңды болмаған аса ауқымды рецессияға әкеліпсоқтырып, жұмыссыздықты көбейтіп отыр.

Біздің Отанымыз Қазақстан — қазбабайлықтарға, оның ішінде мұнайға бай ел. Мен «Бізде мұнай мен газ бар екендеп, үнемі соған тәуелді болған дұрыс емес» деп талай мәрте айтқанмын.Сондықтан егемендік жылдары біз ел экономикасын әртараптандырумен болдық. Осымақсатты жүзеге асыру үшін "Қазақстан — 2050" стратегиясын жасап,"Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" бағдарламасы аясында1000-нан астам жаңа кәсіпорын аштық. Соның арқасында әлемдік бәсекеге қабілеттіөнімдер шығарылып, елімізге жаңа технологиялар келді. Бұл еліміздің үшіншітехнологиялық жаңғыруына жол ашты.

Ел аумағында бұрын-соңды болмағантеміржол, автокөлік жолдары салынды.

Жүйелі жүргізілген реформаларнәтижесінде ауыл шаруашылығы да айтарлықтай дамып, Қазақстанөзін ет, сүт және тағы басқа да азық-түлік өнімдерімен емін-еркінқамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдегі астық экспорттаушы алғашқы алтымемлекеттің қатарына қосылды.

Болашақ үшін, алда күтіп тұрғаносындай алмағайып замандар сынағын еркін еңсеру үшін көп қаржы-қаражат салып,зор жауапкершілікпен атқарылған бұл реформалардың дұрысболғанын өмірдің өзі дәлелдеді.

Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында:"Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы — адам және оныңөмірі", — деп нақты жазылған. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласындамытуға айрықша көңіл бөлінді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасынқабылдап, барлық өңірде бұрын болмаған жүздеген заманауи ауруханалар менемханалар салдық. Елордада әлемдік деңгейдегі ең озық техникалармен жарақталғанаса ірі ғылыми-медициналық орталықтар ашып, оның мамандарын әлемнің ең дамығанелдерінде тәжірибеден өткіздік және «Болашақ» бағдарламасы аясындаоқыттық. Осылай алдын ала қамданудың нәтижесінде ұлт денсаулығына қатертөндірген бүгінгідей қиыншылық заманда жұқпалы дерттің дәл диагностикасынжасау, оның алдын алу, науқасты емдеу сияқты тиісті шараларды біздіңдәрігерлеріміз жоғары кәсіби деңгейде атқаруда.

Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңайемес. Бұл — бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындайсын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзінедеген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажеттінәрсе — қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік — бәрі бар.Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ.

Әдетте жұрт көңілі алаң осындай кездіел ішіне үрей таратып, байбалам салушылар өз мүддесіне пайдалануға тырысады.Мен халықты әртүрлі сондай азғырынды, арзан әңгімелерге еруден сақ болуғашақырамын. Шынымен көптің қамын көздейтін адам айғайшыл күшімен емес, игіліктіісімен қызмет еткені дұрыс. Ғайбат пен байбалам орнына ғылым-білімменшұғылданған абзал.

Бүгінгі күрес даңқты қолбасшы БауыржанМомышұлының: «Тәртіпсіз — ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құлболмайды» деген қанатты сөзін еске салады және соны бекем ұстануды талапетеді. Өздеріңіз білесіздер, бұл пандемияны көршіміз Қытай елі ұйымшылдығы ментемірдей берік тәртібінің арқасында ауыздықтай алды.

Қазіргі Қазақстанды Кеңес Одағыыдыраған өткен ғасырдың 90-жылдарындағы Қазақстанмен салыстыруға болмайды.Бізде осындай қиындық туғанда ешкімге алақан жаймау үшін, ұрпақ қамы, елболашағы үшін жинақталған Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында90 миллиард АҚШ доллары бар. Ретімен, үнемді пайдаланар болсақ,ол бүгін басымызға түскен тағдыр мен тарих сынынан еңсемізді тік ұстапөтуімізге мол мүмкіндік береді.

Ел Президенті  Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаев халыққа арнаған таяудағы үндеуінде барлық әлеуметтіктоптарға, кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы саласына көрсетілетін алуантүрлі көмек туралы жан-жақты мағлұмат берді. Егер Қазақстанның ұлттықэкономикадағы қол жеткізген табыстары мен жоғарыда аталған қорқұрылмаса, мұның бірі де болмас еді. Кезінде соның бәрін таратып берейікдегендер де болған, бірақ өмір біз қабылдаған шешімнің дұрыс болғанын көрсетті.

Енді Үкімет пен жергілікті атқаруоргандары соны үнемді түрде, рет-ретімен орындауға кірісуі керек. Әр министр,әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақтыжоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлықкүш-қуатты жұмылдыруы қажет. Nur Otan партиясының мүшелері де осы бір сауаптыістің алдыңғы қатарынан табылуға тиіс.

Еліміздің ең үлкен байлығы — адам меноның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы менбала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпенқарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдасбөлігі.

Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздыңәрдайым үлкенге — құрмет көрсетіп, кішіге — қамқор болатын абзал қасиеттерісептігін тигізеді деп сенемін.

Адамның өзіне деген сенімі — үлкенкүш. Бұл бойымызға — қажыр, денемізге — қуат, жүрегімізге сенім ұялатады. Бізқазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды,әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымызкерек. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттербізді осыған үндейді.

Дәл қазір бүкіл адамзат жолайрықтатұр. Әлемдік геосаясатты, экономиканы, экологияны, қоғам өмірінің сан алуансаласын қамтып, тізбектеле келген, бұрын-сонды болмаған проблемалар әлеммемлекеттерінің қарым-қатынасын да өзгерте бастады. Үнді халқының ұлы гуманистқайраткері Махатма Ганди: "Әлемді өзгерту үшін әуелі өзіміз өзгеруімізкерек", — деген екен. Кеше ғана бір-бірін аяқтан шалып, жағадан алып,«санкциялық соғыстарға» жол ашқан мемлекеттер енді өзара көмек қолынсозысуда. Бұл — жаһандық деңгейдегі үлкен өзгерістердің бастауы.

Әлем тарихында ондаған жылдарға, тіптіжүз жылдан да астам уақытқа созылған талай соғыстар,шиеленісті жағдайлар мен кикілжіңдер орын алған.Миллиондаған адамдарды баудай түсірген індеттер де аз болмаған.Адамзат соның бәрін жеңген. Жан алқымнан алып тұрған бұл шырғалаңнан дашығамыз. Әлемнің ең алпауыт мемлекеттері осы қиындықтан сабақ алуы керек.

Кезінде Әйтеке би бабамыз: «Елмұраты — көрешек, ер мұраты — келешек. Осыларды ойлаған — қоймас түбісүйінбей», — деген екен. Қандай керемет айтылған сөз! Дәл қазір бізгебүкіл адамзат өркениетін сүріндіретін емес, барша әлем халқын сүйіндіретінжаңашыл саясат керек.

Кез келген қиындықадамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерінжетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмірсалтын қалыптастыруға алып келеді. Бүгінде еңбекті ұйымдастырудың креативтіәдістері, тіпті жаңа кәсіп түрлері шыға бастады. Қазірадамдар біртіндеп қағазбастылықтан арылып, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті.Осының бәрі бір кезде алдын ала жоспарланып, кеңіненойластырылған шаралардың арқасында ғана мүмкін болып отыр.

Рухы мықты, өзіне сенімді адамдықиындықтар шынықтырады. Сондықтан біз бойкүйездіктен, сарыуайымнан,енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқыменбірге ширыға, шыңдала түсуіміз керек.

«Бірлік жоқ жерде — тірлікжоқ», — деген екен әйгілі данышпан Төле би. Береке-бірліктің алмайтынқамалы, бағындырмайтын биігі болмайды. Біз үшін ата-бабаларымыз ғасырлар бойыаңсап күткен, 30 жылға жуық уақыт бұрын қолымыз жеткен азаттықты мәңгі баяндыетуден асқан мұрат жоқ. Қазақстан — халқымыз тату-тәтті және келісімде өмірсүріп жатқан ортақ шаңырағымыз. Алуандығымыз – бәсекелі және жаһандық әлемдегібіздің баға жетпес байлығымыз бен артықшылығымыз. Тәуелсіздік жылдары қолжеткізген барлық табысымыздың қайнары — ең алдымен халқымыздың береке-бірлігі.Алла Тағала бізді осы бірлігімізден де, тірлігімізден де айырмасын.

Мен сөзімді алдымен аға ұрпақ пензиялы қауым өкілдеріне арнаймын: халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгіамалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер. «Ырыс алды — ынтымақ» екенін ұмытпаңыздар. Жастарды еңбекке, білім алуға, қатарыныңалды болуға тәрбиелеңіздер. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік бізді осығанміндеттейді.

Жаңа өскін — жас ұрпаққа айтарым:тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызғатоласыңдар. Еліміздегі ең қуатты күш — өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшінқолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездеріңкелді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге — ізетті,  кішіге — қамқор, бір-біріңе дос болыңдар. «Біріңді қазақбірің дос, көрмесең — істің бәрі бос» деген Абай аталарыңның өсиетінешқашан естен шығармаңдар.

Кәсіпкерлерге де арнайы айтарым бар:сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нықтұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді «Мен еліме не беремін?»дейтін кездеріңіз де келді.

Осы орайда, менің өтінішім бойынша өзотандастарына қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіпжатқан кәсіпкер азаматтар баршылық. Осы бір жарасымды үрдіс, игі іс одан әріжалғасын табады деп сенемін.

Ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болғанжерде ғана игілік пен ізгілік қатар өркен жаяды. Осы қасиетті қағида әрбірқазақстандықтың жадынан, жүрегінен орын алуы керек.

Маған небір қиын-қыстау күндердеешқашан намысын бермеген, қашанда бірлігі бекем, пейілі кең, құшағы ашық,бауырмал халыққа басшылық ету бақыты бұйырды. Сондықтан қазіргідей алабұртпакөңіл жағдайында дана да дархан халқыма — баршаңызға зор ризашылыққа толы осысөздерімді жолдадым.

Біз тәуелсіздік жылдары саналуан қиындық пен дағдарысты бастан өткердік. Соның бәрінде менанық жағдайды, түйткілді проблемаларды ашық түрде алдарыңызғажайып салып отырдым. Сіздер маған үнемі сенім арттыңыздар, мен туғанхалқымның сол сенімінен ұдайы күш-қуат алдым. Сол үшін Сіздергетағы мың да бір алғысымды білдіремін.

Ұлт денсаулығы мен мемлекетқауіпсіздігі — бір-бірімен етене, егіз ұғымдар. Мемлекет бұл қиындықтан шығуүшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады.Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды.

Біз — біртұтас ел, бірлігі берікжұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін.

Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай,белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлітәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықтыете аламыз.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз