Live

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алады

Оңтүстік Корея Қазақстанмен мұнай жеткізу жөнінде келісім жасасты. Олар Қазақстаннан 18 млн баррель мұнай тасымалдау туралы келісімге келді.

мұнай

 Бұл туралы Reuters агенттігі президент әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сиктің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты ел балама мұнай жеткізу бағыттарын іздеп жатыр. Осы мақсатта ол Қазақстанмен қатар Оман, Сауд Арабиясы және Қатарға сапар жасаған.

Қазіргі таңда Оңтүстік Корея импорттайтын мұнайдың шамамен 70%-ы Таяу Шығыс елдерінен келеді.

Айта кетейік, осы сапарлар нәтижесінде жалпы көлемі 273 млн баррель мұнай жеткізу жөнінде келісімдер жасалған.

Тегтер: Мұнай
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз