«Оралдағы Назарбаев даңғылының атын өзгерту керек» (видео)
Оралдағы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ атындағы даңғылдың аты өзгертілсін. Оған бұрынДостық атауы қайтарылсын.
Бүгін жергілікті белсенді осындай талаппен жалғызкісілік акцияға шықты.
Қоғамдық белсенді Бауыржан ӘЛІПҚАЛИЕВ қолына «Достық» деген жазуы барплакатты ұстап облыс орталығының орталық алаңына шықты. Оның айтуынша, кешегіАйсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ мәлімдемесінен кейін осындай талап қоюға мәжбүр болған. Жалғызкісілік акцияның видеосы ютубтағы Аскар ШАЙГУМАРОВ атты каналға жарияланған.Жүз мыңнан аса жазылушысы бар каналдағы видеоны әзірге 20 мыңнан аса адамкөріпті.
«Бізді отыз жыл басқарған адамдар қалай өмір сүрген. Айтуға ұяласың. Менорталық даңғылымыздың Достық атын қайтаруды талап етемін. Қашанға үндемей отырабереміз. Билік басындағы шалдар кетсін», — деді Бауыржан Әліпқалиев.
Акция кезінде белгісіз бір адам келіп қоғамдық белсендіге әрекетінің заңсызекенін айтты. Видеода өзін кім екенін таныстырған жоқ.
Кеше 22 қаңтар күні экс-президент Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ жиен немересіфейсбук әлеуметтік желісінде бірнеше пост жариялады. Ол өзінің өміріне анасыДариға НАЗАРБАЕВАДАН қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді. Және өзінің шын әкесіНұрсұлтан Назарбаев екенін жазған еді. «Жас АЛАШ» журналисті ЛондондағыАйсұлтан Назарбаевқа осы мәселеге қатысып хабарласып, тілдескенеді.