Сараптама

Өзбекстанда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсе бастады

Өзбекстанда коронавируспен ауырғандар саны соңғы күндерде күрт өсе бастады,- деп хабарлады Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі.

Өзбекстанда коронавирусқа шалдыққандар саны күрт өсе бастады

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің Telegram-арнасы бүгін жергілікті уақытпен 10:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00) 139 адам індет жұқтырғанын растады. Ауырғандардың жалпы саны 44 мың 557-ге жетіп отыр. Соның 41 мың 898-і жазылып шыққан. Дәл қазір елде 2 297 адам емделіп жатыр, олардың 402-сі ауыр жағдайда, тағы 226-сы хал үстінде жатыр. Өзбекстанда кеше күні бойы 443 адамның вирус жұқтырғаны расталған. Соның 132-сі сағат 10:00-ге дейін тіркелген. Ал 7 қыркүйекте жалпы 312 жағдай тіркелген, соның 112-сі таңғы онға дейін анықталған.

Бұған дейін еліміздің Денсаулық министрі А. Цой Еуропа мен Азия елдерінде індеттің өршіп жатқанын  айтқан болатын.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз