Саясат

Парламенттің саудасы бітті!

Белгілі дәрігер, қоғам белсендісі Қайырғали Көнеев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан мәжілісті таратудысұрады.

Парламенттің саудасы бітті!

Ол өз ұсынысында: «Қазіргі құрам халық сенімінен толықтай айырылды,халық мүддесін қорғамақ тұрмақ, онымен диалог жасай алмайтынын көрсетті», – депатап өтті.

Қайырғали Көнеевтің көңілінен шықпаған мәселелер жетіп артылады. Ол 13мамырда мәжіліс депутаттары екінші оқылымда «Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» кодекс жобасын мақұлдап, сенат қарауына ұсынғандарынакөңілі толмайтынын жеткізді. Әсіресе, наразылық петициясына қол қойған 170 мыңазаматтың пікірін ескерместен, халыққа қарсы денсаулық туралы кодекстің депутаттартарапынан қолдау тапқанына өкініш білдірді.  

«Кодексті қабылдауға қарсы петицияға қол қойған 170 мың азамат өздерінкемсіткендей күй кешуде. Олар Қазақстан Республикасы Конституциясы 33-бабы1-тармағындағы – Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдеріарқылы мемлекет басқару ісіне қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергіліктіөзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдықөтініштер жолдау құқығы бар — қағидаттың бұзылғандығын сезінуде», – деп атап көрсеттіқоғам белсендісі.

Сонымен бірге, жергілікті әкімдіктер тарапынан рұқсат берілсе, бірқатараймақтарда 11 шілдеде заң аясында митингке қатысатындықтарын мәлімдеді.  

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз