Әлеумет

Павлодар әуежайы 16,4 млрд теңгеге жөнделді

Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялауға 16,4 млрд теңге жұмсалған. Енді нысанды 2027 жылы инвесторға сенімгерлік басқаруға беру жоспарланып отыр. Бұл ретте инвестор

Павлодар әуежайы

Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, әуежайды 2027 жылғы желтоқсанда тендер арқылы сенімгерлік басқаруға беру көзделген. Басқарушы компания әуежайдың инфрақұрылымы мен нысандарын одан әрі дамытуға инвестиция салуға міндеттеледі.

Жоғары аудиторлық палата мемлекет әуежайдың реконструкциясына қомақты қаржы бөлгеніне назар аударды. Бұған дейін нысан жекешелендіру жоспарында болған және оны кейін сатып алу құқығымен басқаруға беру қарастырылған.

Павлодар әкімдігінің мәліметінше, нысан сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығынсыз беріледі. Тендер 2027 жылғы желтоқсанда өткізілуі жоспарланған.

Ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстары 2025 жылғы сәуірде басталып, 2026 жылғы тамызда аяқталған. Жоба аясында жол жабыны, жарық сигнализациясы, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері жаңартылды. Жұмыстардың кешігуіне байланысты Павлодарға бөлінген 1,8 млрд теңге Балқаш әуежайына қайта бөлінген. Жоғары аудиторлық палата қаржыны игеру мен жұмысты орындау мерзімдеріне қатысты мәселелерді де атап өткен.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз