Әлеумет

Сейсмологтар Алматыда жойқын жер сілкінісі қаупін бағалады

Алматыдағы таңғы жер сілкінісінен кейін сейсмологтар өңірдегі жағдайды тұрақты деп бағалады. Мамандардың қазіргі қорытындысы бойынша, жақын уақытта жойқын жер сілкінісін күтуге нег

алматы

28 қыркүйекте сағат 09:38-де тіркелген жер сілкінісінің есептік қарқындылығы Алматыда 3-4 балл, Қарасай ауданында 2-3 балл болған.

Жер сілкінісінен кейін ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының комиссиясы геофизикалық, сейсмологиялық, гидрохимиялық және гидродинамикалық бақылау деректерін саралаған. Мамандар болған дүмпуді  сейсмикалық белсенділіктің көрінісі деп бағалады.

"Алматы болжамдық полигонындағы қазіргі сейсмикалық жағдай тұрақты деп бағаланады. Комиссияның қазіргі бағалауы бойынша, Алматы болжамдық полигоны аумағында жойқын жер сілкінісін күтуге негіз жоқ", – деп хабарлады ТЖМ.

Сонымен бірге сейсмикалық жағдайға мониторинг жалғасып жатыр. Мамандар келіп түсетін деректерді тұрақты түрде талдайды.

Жер сілкінісінен кейін "Қазселденқорғау" мамандары өзен арналары, гидротехникалық нысандар, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын тексерген. ТЖМ мәліметінше, зақымдану анықталмаған, қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз