Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 30 Қараша 2023

Павлодар облысында бұралқы иттер қойларға шабуыл жасады

Павлодар
Фото:

Май ауданында қаңғыбас иттер қойларды қырып тастады, деп хабарлады Zhasalash.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 30 қараша күні Жұмыскер ауылының тұрғыны ауыл әкіміне малдың қырылғаны туралы хабарлады.

«Қаңғыбас иттер 18 қойға шабуылдап, қырып жіберді. Аудандық ветеринарлық қызметкерлер жабайы иттерді ұстауға бірден шыққан», – делінген хабарламада.

Май ауданының әкімінің сөзінше, адамдарға қауіп төндіруі мүмкін үш ит ауланып, ұйықтатылды.

«Бұралқы иттердің нақты саны белгісіз. 18 қойдың алтысы аман қалса да, оларды союға тура келді»,– деді аудан әкімі.

Әкімнің сөзінше, күзде мал жайылымнан ауылға оралған кезде қаңғыбас иттердің саны көбейіп кетеді. Ауыл тұрғындарынан шағымдар түсетіні рас. Шағым түскен кезде әкімдік тарапынан жедел түрде шаралар қолданылады.

Жұмыскер ауылында қырылған қойлар фактісін ветеринарлар, полиция және әкімдік әлі тексеріп жатыр.